Қалқатай, сен ақ қоян-ей қорымдағы-ей,
Қайтейін кезікпесем-ей сорым-дағы-ай.
Бергенде өзің көңіл-ей, қалқатай-ей,
Болайын мен де құрбан-ей жолыңдағы-ей.
Сен ақ қоян, секектеген,
Ойымда бар ма менің-ау,
Кетет деген-ай.
Ақ қоян есік алды секеңдеген,
Артынан мен қаршыға жетем деген,
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айрылып қалқатайдан кетем деген.
Сен ақ қоян, секектеген,
Ойымда бар ма менің-ау,
Кетет деген-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: