Жолаушы атың семіз желетұғын,
Көз бар ма екен байғұста көретұғын.
Шамшырақ екі көзден айырылған соң,
Құрбы жоқ шақырсам да келетұғын.
Ішінде көп жылқының аласы едім,
Әкемнің қоңыр қаздай баласы едім.
Шамшырақ екі көздің бар кезінде,
Қызымен үш ананың таласы едім.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: