Солдаттар, қалғып кетпеңдер (текст)

Көңілдей тұнық көк аспан,
Бақыты жанған әр үйдің.
Күлкісі балғын жарасқан,
Ұйқысы тыныш сәбидің.

Әлі де туған жер үстін,
Кезіп жүр ағаш балдақтар.
Әкеден қалған жеңістің,
Сақтаңдар туын, солдаттар.

Үн қосып жайсаң өмірге,
Бұлбұлдар бақта ән салса да.
Жазылмай жүрген көңілде,
Жара бар әлі қаншама.

Әлі де туған жер үстін,
Кезіп жүр ағаш балдақтар.
Әкеден қалған жеңістің,
Сақтаңдар туын, солдаттар.

Қыздардың үміт, тағдыры,
Оранған гүлге көк белдер.
Сендерге сенген барлығы,
Солдаттар, қалғып кетпеңдер.

Әлі де туған жер үстін,
Кезіп жүр ағаш балдақтар.
Әкеден қалған жеңістің,
Сақтаңдар туын, солдаттар.

 

Сөзі: Ақұштап Бақтыгереева

Әні: Өмірбек Байбілдаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: