Қасың сұлу қағаздың қаламындай,
Туылғансың, жаным-ау, қалай мұндай, қалқам-ай.
Әкең сұңқар болғанда, шешең — пері,
Бір кісіден тумайды бала мұндай, сөйле, қалқам-ай.
Тауға шықсам сайрайды тау кекілік,
Қар жауғанда қалады жол бекіліп, сөйле, қалқам-ай.
Тісің науат болғанда, тілің — шекер,
Қабағыңнан тұрады нұр төгіліп, сөйле, қалқам-ай.
Жирен тай ма, ақ тай ма, қызыл тай ма,
Айдап салсам жатады терең сайда, сөйле, қалқам-ай.
Айтар болсаң сөзіңді бүгін айтшы,
Бүгіннен соң бір ауыз сөзің қайда, сөйле, қалқам-ай.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: