Сұр жорға (текст)

Ұшып жүрген әуеден сары ала қаз-ей,
Айдын көлдің ортасы көк орай саз, құрбым-ай.
Сен іздесең, қалқажан, мені сұраған-ей,
Күліп-ойнап қалайық бір екі ай жаз, құрбым-ай.

Мінген атым сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
Мойның бұрып қарасаң,
Нең кетеді бір жолға.

Ұшып жүрген әуеде сен ақ сұңқар-ей,
Ұстай алмай талайлар боп жүр іңкәр, құрбым-ай.
Қаршадайдан бірге өскен замандасым-ей,
Құрған торға боларсың қай күн душар, құрбым-ай.

Мінген атым сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
Мойның бұрып қарасаң,
Нең кетеді бір жолға.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: