Сұржелгенше (2-нұсқа) (текст)

Сағындым алыс кеткен, қайран елім,
Ойнаған асық атып, ой-дай, туған жерім.
Бір көрсем сол елімді есен-аман,
Мүддесіз тарқар еді, ой-дай, қайғы-шерім!

Аха-хау, Сұржелгенше,
Аман бол, құрбы-құрдас, айда,
Біз келгенше!

Туған жер көзден ұшып кетер ме екен,
Қара жер хан-қараға, ой-дай болған мекен.
Деуменен “әттеген-ай!” қайран жасым,
Қор болып дүниеден, ой-дай, өтер ме екен.

Аха-хау, Сұржелгенше,
Аман бол, құрбы-құрдас, айда,
Біз келгенше!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: