Ақ тұйғын құс қолымда сырғақты ма,
Басып-басып алайын ырғақтыма.
Бозбала, саған айтар өсиетім,
Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.
Жанып тұрған жас өмір, ал қызыл гүл,
Сипаттауға қызығын жетпейді тіл.
Жауқазын – желбіреген жастық шағым,
Өмірдің мағнасына түсіне біл!
Сөзі: Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Әні:
Орындаушы: