Тал құрық (текст)

Әй, көшкенде жылқы айдаймын қаршыға алып,
Қолыма тал құрығым-ай аршып алып.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқайын,
Шекеме бір тал үкі шаншып алып, ай.

Ой! Шаншып алып, әй, ай!

Жеткен жылқым жүзге қуанамын,
Еңкейіп сырлы аяқпен су аламын.
Есіме сен түскенде, сүйген сәулем,
Қолында асасы жоқ дуанамын, ай.

Ой! Шаншып алып, әй, ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: