Шаңырақты көтерген маңдай екен-ай,
Адам тілін сөйлеткен таңдай екен.
Ақ теңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Жасың үлкен, жеңеше-ай, өзің едің-ай,
Жалғыз жүрген шет жерде қандай екен?
Ақ теңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Шаңырақты көтерген уық екен-ай,
Жеңге жүзі ызғарлы суық екен.
Ақ теңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Сен қашсаң да артыңнан мен қалмаймын,
Кетсең-дағы өзгеге қуып жетем-ай.
Ақ теңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: