Татьянаның әні (текст)

Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ең.

Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсі жоқ жас адамды
Қатты соққан не еткенің?

Елжіреген жас емес пе ем,
Еппен айтсаң жұбатып.
Мен ғашыққа мас емес пе ем,
Кетсең еді ұзатып.

Сен жаралы жолбарыс ең,
Мен киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей әрең,
Қатты батты тырнағың.

 

Сөзі: Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: