Мінгенім-ай дәйім менің дөнен болса,
Жаз мініп, күз жіберген кебен болса-ай.
Алдында-ай көпшіліктің ән шырқаймын,
Шынымен-ай іздегенің өлең болса-ай.
Ой, ахау-ай,
Алтыным-ай, күмісім-ай.
Аман бол-ай қайда жүрсең туысым-ай.
Жүруші ек-ай өрлеп, құлдап Бұлғын бойын,
Жайқалған ей жағасында салып ойын-ай.
Құбылтып-ай, сұлу әнге салғанымда,
Балқытқан-ай, ғашық жардың тұла бойын-ай.
Ой, ахау-ай,
Алтыным-ай, күмісім-ай.
Аман бол-ай қайда жүрсең туысым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: