Түркістан (текст)

Егемен ертегі еліміз,
Балбұлақ, бау-бақша жеріміз.
Түркістан түрленген, нұрланған,
Келіңіз, келіңіз, келіңіз.

Қайырмасы:
Бұлбұлы бақтарда сайраған,
Қыр гүлі құлпырып жайнаған.
Ұл-қызы шаттығын тойлаған,
Киелі күмбезді Түркістан.

Бүгінде шуақты ертегі,
Көріндер куатты өлкені.
Тарихта таусылмас дастандай,
Ежелден бізге сыр шертеді.

Қайырмасы:

Түркістан — ән көзі, жыр көзі,
Алыстан көрінген күмбезі.
Түркістан — шығыстың шырайы,
Көгіңнен кетпеген күн көзі.

Қайырмасы:

 

Сөзі: С.Тұрғынбеков

Әні: С.Бәйтереков

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: