Уа, жеңгелер, жеңгелер (текст)

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борандатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?

Көріп жүрмін мінезден көрерімді,
Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.
Қыздар менің білмейді-ау ерегіссем,
Төрт бөлмелі үй салып берерімді.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер

Шыдасам да махаббат азабына,
Мен көнбеймін қыздардың мазағына.
Таңдап жүріп үйленем бір сұлуға,
Мінезі сай ақыл мен ажарына.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер.

 

Сөзі: Қуандық Шаңғытбаев

Әні: Сыдық Мұхамеджанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: