Дегенде қасқа шұбар, қасқа шұбар,
Баласы таудағы елдің тасқа шығар, угай-ай.
Артыңнан айқайласам қарамайсың,
Көңілің әзер болса басқа шығар, угай-ай.
Басында Қаратаудың бір топ арқар,
Аққан су жоғарыдан төмен сарқар, угай-ай.
Сыртыңнан көремін де құмарланам,
Арманы көңілімнің қайтсе тарқар, угай-ай.
Дегенде баламыз ба, баламыз ба,
Көп қуып балапанды аламыз ба, угай-ай.
Үсінде шілдехана кез кеп қалдық,
Құдаша, өлең айтпай қаламыз ба, угай-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: