Есік алды қара су ағындаған-ай,
Жастық оты бойында жалындаған-ай.
Үкілі-ай, үкілі-ай,
Үкілім айдай-ау.
Айдындағы аққудай арайлым-ай,
Бір адам жоқ өзіңе табынбаған-ой.
Үкілі-ай, үкілі-ай,
Үкілім айдай-ау.
Үкілі басты алтын дән,
Ой мен қырым егін боп жайқалады-ау,
Толқып жатқан теңіздей шайқалады-ау.
Күзде жинап уыздай ақ бидайды-ау,
Алғаннан соң жанымыз жай табады-ау.
Үкілі басты алтын дән-ай,
Отанымның мол кені-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: