Мұқитың салады енді «Айдайына»,
Бақ берген ер жігіттің маңдайына.
Жаманға бір сөз айтсаң теріс қарайды,
Жақсының мен жүремін ыңғайына.
Дүние — қызыл түлкі бұлаңдаған,
Бақ тайса ерге дәулет құралмаған.
Меңзеген асқар таудай есіл көңіл,
Дүниеде еш нәрсеге тына алмаған.
Сөзі: Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)
Әні: Мұқит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841-1918)
Орындаушы: