Ал, қалқа, ауылың тауда, ай-ги-га,
Аулыңа ақ құйрық шай еттім сауға.
Ай өтіп, көрмегелі жыл айланды,
Ақ жарқын ай-ай сәулем, денің сау ма.
Үри-ай, үри-ай,
Ал дүние-ей,
Жүрмісің есен, құрбым-ай.
Барады ауылым көшіп Алмалыға, ай-ги-га,
Алланың кім көнбейді салғанына.
Жеріме жетем деген жете алмадым,
Ілініп қатал тағдыр қармағына.
Үри-ай, үри-ай,
Ал дүние-ей,
Жүрмісің есен, құрбым-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: