Өлең басы бісміллә жаратқаннан-ай,
Ер жігітке нұр жауар талаптанған, үрия-ай.
Талабыңның барында талпына бер-ай,
Талапсыз жан әр жерде қалған, үрия-ай.
Қарқараны жайлаған,
Жағалай бие байлаған,
Қыз-бозбала жиылып,
Құлын, тайдай ойнаған.
Өкінемін дүни(е)-ай жалғанына-ай,
Қай пендені жеткізген арманына, үрия-ай.
Орынбай мен Кеншімбай айтысыпты-ай,
Жетісуға жандарал барғанында, үрия-ай.
Қарқараны жайлаған,
Жағалай бие байлаған,
Қыз-бозбала жиылып,
Құлын, тайдай ойнаған.
Айт дегенде өлеңді аярым жоқ, үрия-ай,
Желісім бар азырақ, аяңым жоқ, үрия-ай.
Тіршілікте ойнап-күл, қыз-бозбала-ай,
Өте шығар бұл жалған аялы жоқ, үрия-ай.
Қарқараны жайлаған,
Жағалай бие байлаған,
Қыз-бозбала жиылып,
Құлын, тайдай ойнаған.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: