Жібек шашың желкілдерей тарағанда,
Жорға сұлу көрінер жарағанда.
Фатиме, алтын сабақ жез түйме.
Жерден алтын тапқандай-ей қуанамын,
Езу тартып күлімдеп қарағанда.
Фатиме, алтын сабақ жез түйме.
Күміс қасың болғанда, ей алтын – шашың,
Қаламменен сызғандай қиғаш қасың.
Фатиме, алтын сабақ жез түйме.
Мұндай сымбат тұрғанда бір өзіңде,
Жабыттамай аулыңды кім шыдасын.
Фатиме, алтын сабақ жез түйме.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: