Хор қызы (текст)

Оу, ей сәулешім,
Күлкің қандай сиқырлы,
Кербез, сұлу бойжеткен.
Жүзің неткен сүйкімді,
Саған қандай жан жеткен!
Мың бұралып билейсің,
Көктемдегі гүлдейсің,
Үмітімді үзбейсің.
Оу-у, биле жаным,
Нұрлансын ақ таңым.
Болсаңшы сүйген жаным.
Сен асыл ардағым,
Сен арманым, о-оу…
Оу, ай сәулем,
Періштедей жан сәулем,
Ғажайып ән сәулем,
Мың бұралған би сәулем.
Хор қызы өзіңсің,
Мөлдіреген сезімсің,
Мендіксің білемін,
Алдамайды жүрегім.
Оу-у, биле жаным,
Нұрлансын ақ таңым.
Болсаңшы сүйген жаным.
Сен асыл ардағым,
Сен арманым, о-оу…
Қалықтаған ән ғана,
Ғашықтардың сырласы.
Құшағымда би билеп,
Жүрегімді тыңдашы.
Шалқысын, ән, шалқысын,
Жан-жүрегім балқысын.
Демің өртеп, шарпысын.
Оу-у, биле жаным,
Нұрлансын ақ таңым.
Болсаңшы сүйген жаным.
Сен асыл ардағым,
Сен арманым, о-оу…

 

Сөзі: Қ. Жүнісов

Әні: Қ. Баякенов

Орындаушы: «Сарыарқа» дуэті

Видеоға сілтеме: