Мінгенім-ай астымдағы-ау, шайтанқара,
Оралдан жылқы айдадым-ау, өңшең ала.
Осыдан осы жылқы-ау бойға сіңсе –
Тағысын тағы айдармыз, қосшы бала-ау!
Оралдың тауы биік, жері дала,
Ат міндім күрең төбел, көзі қара.
Сыртынан ер жігітті жамандаған,
Дұшпанды кез келтіргей айдалада!
Сөзі: Ерғали Аязбайұлы (1869-1929)
Әні:
Орындаушы: