Шамшы Қамар секілді духтар Бану,
Кісі қайда Зарлықтай сөзді тану.
Ұғымтал зерекпенен бәрі бірдей
Сөзіңе айтып тұрған құлақ қану.
Тағында Бағидатта, Шамсияда,
Дахида көңіл шіркін таусыла ма.
Әритай-әритай-әритай-ай!
Қан қайнап, жүрек тербеп көңілім мас,
Болғанда сізде сұхбат, бізге ықылас.
Ақ иық лашынға тап бергендей,
Көңілдің өз басыңа соғуы рас.
Тағында Бағидатта, Шамсияда,
Дахида көңіл шіркін таусыла ма.
Әритай-әритай-әритай-ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: