Жанары оттай жанып,
Жүрегімді шоқтай қарып,
Сұлуларды көргенімде,
Жаным тағы таппай қалып,
Жүректін әсем әніндей,
Еліткен бірден мені.
Гүлл майысып жүргендері,
Қоңыраудай сылдыр қағып,
Еркелікпен күлгендері.
Ал бикештер оттай болып,
Қол тигізбес шоқтай болып жанады.
Қайырмасы:
Байланып көздеріне оның жарқылдаған жаздың жанын-ай
Алатаудың аппақ қарындай, ай ай ай!
Айналдым ақ жүзіңнен оның жадыратқан жастық шағындай,
Ақ жайықтын атқан таңындай, ай ай ай!
Сырларын білгізбеген,
Біз құлпырған гулміз деген.
Жігіттерге арман болып,
Қол жеткізбей жүрміз деген.
Жараскан жанның сәніндей,
Көңілдін ырғақты әні.
Қандай тәтті тіл қатқаны,
Таусым сыры бұл өмірдің,
Шешілмеген жұмбақтары.
Бұл бикештер оттай болып,
Қол тигізбес, шоқтай болып жанады.
Қайырмасы:
Ал бикештер оттай болып
Қол тигізбес шоқтай болып жанады,
Қайырмасы:
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: