Шопан жыры (текст)

Ақтылы қойды ағылтып
Алапқа жайып өргізем
Ширек есе жыл сайын
Табысқа өсім енгізем
Жылына екі қоздатып
Үштен бір егіз аламын
Жаз жайлауда семіртіп
Қыс тебінге саламын
Бүлк-бүлк етіп құйрығы
Майда жүнді қойларым
Салтанатпен өткізем
Жабағы, күзем тойларын
Отанға берген сертімді
Орындамай қалғам жоқ
Еңбек ері атандым
Енді менде арман жоқ.

 

Сөзі: Е.Есетов

Әні: Е.Есетов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: