Теріп, теріп таулардан тас алғаным,
Көк сауырдан етікке бас алғаным.
Ай, ахау, сен шырайлым,
Ұмытпа, мен сұраймын, ай!
Сен дегенде, шырайлым, шыдай алмай,
Ішім күйіп, көзіме жас алғаным.
Ай, ахау, сен шырайлым,
Ұмытпа, мен сұраймын, ай!
Шырайлым, сен ар жақта, мен бер жақта,
Қосылар күн болар ма екі жасқа.
Ай, ахау, сен шырайлым,
Ұмытпа, мен сұраймын, ай!
Ойымнан жатсам, тұрсам, бір кетпейсің,
Өзгеге көңілім толмас сенен басқа.
Ай, ахау, сен шырайлым,
Ұмытпа, мен сұраймын, ай!
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: