Басына кәмшат бөрік қиғашырақ,
Қыз сапы алтын болғанда, біз -шамшырақ.
Ала үйрек, алма мойын перизатым,
Болмаппын сізбен таныс бұрынырақ.
Қайырмасы:
Ақжорғажан, Ақжорғажан,
Жігітке қыз силаса-ай-ау, болмайды арман.
Мінгенім дәйім менің — Сұрқызылтай,
Көңілім сізді көріп бір бұзылды-ай.
Көзіме айбаттанып көрінесің,
Бейіште сегіз сарай хор қызындай.
Қайырмасы.
Серінің серменуге көңілі ауды,
Ойландым бастайын деп бір қиялды.
Түсті ғой, жолдастарым, сәулем еске,
Ап келші қамыс құлақ Бозқояиды.
Қайырмасы.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме: