Алатау қызы (текст)

Алатаудың етегінде туыпсың
Алатаудың бұлағындай тұнықсың
Тау секілді мінезің бар, аяулым
Саған үнсіз қызығумен қараймын
Алатаудың етегінде туыпсың
Ақ жүзіңді тау суына жуыпсың
Достарыңа тау жазындай жарқынсың
Сен алдымнан көрінген бір алтын шың
Достарыңа тау жазындай жарқынсың
Сен алдымнан көрінген бір алтын шың
Сондықтан да тау өхіңе ұнайды
Тау гүліндей нәзіксің сен шырайлы
Тау баласы тау секілді қуанып
Тау баласы тау секілді жылайды
Тау гүліндей өңің сенің шырайлы
Көрген жанға ән дегенде-ақ ұнайды
Тау бұлағы бұрымыңдай өзіңнің
Тау басынан төмен қарай құлайды
Тау бұлағы бұрымыңдай өзіңнің
Тау басынан төмен қарай құлайды
Сырыңды айтпа, көзіңнен-ақ түсінем
Мен сырласпын көңіліңнің құсымен
Тау баласы бұлтты кешіп жүреді
Адаспайды қалың тұман ішінен
Алатаудың жаңбыры мен нөсері
Бала күнгі жан досымыз кешегі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі
Ұлы өзендер басын таудан алады
Тау баласы тауға қарап өседі.

 

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Ә. Телғозиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: