Асыл қайрақ, ендеше, асыл қайрақ, оу,
Жүруші едік тепсеңнің басын жайлап.
Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.
Келемін деп бұл жерге ойлағам жоқ , оу,
Келіп қалдым бұл жерге дәм-тұз айдап.
Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.
Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, оу,
Қабырғамның бір жағын сөгілдіріп.
Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: