Алтай (3-нұсқа) (текст)

Өр Алтай, асқар Алтай, асқан Алтай
Анамдай әлпештеген жастан Алтай
Суы бал, көдесі май, жері майса
Ағызған сары алтынды тастан Алтай
Елімнің бейне қалқасы
Сымбатты сұлу жер — Алтай
Омырауда алтын алқасы
Отанымның сен — Алтай
Жайылған жер шарына даңкың Алтай
Аспанда шуақ жазда — салқын Алтай
Төсіңе нәрестедей өрмелеген
Байлыққа батқан қазақ — халқың Алтай
Елімнің бейне қалқасы
Сымбатты сұлу жер — Алтай
Омырауда алтын алқасы
Отанымның сен — Алтай.

 

Сөзі: Н.Баймұхамедов

Әні: Е.Брусиловский

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: