Алтайдың ар жағынан келген ару

Қимайтын жан екенсің жат ұяға,
Қарғам-ау, кез келдің-ау қапияда, шіркін.

Қайырмасы:
Мөп-мөлдір жанарың-ай,
Жаз дидар жамалың-ай,
Қалдым-ау тіл қата алмай, қарағым-ай.
Қасыңа бара алмадым,
Сездің бе жан арманын,
Еріксіз, қалқам, саған ән арнадым.

Сүйсіндім сымбатыңа, қабағыңа,
Ұқсаттым асқар Алтай маралына, шіркін.

Қайырмасы:

Алтайдың ар жағынан келген ару,
Жарқ етіп қарағаның емге дәру, шіркін.

Қайырмасы:

Көзіңнен ерекше бір арай көрдім,
Келді ғой қарай бергім, қарай бергім, шіркін.

Қайырмасы:

Жарқ етіп өте шықтың нұр елестей,
Өзіңсіз кешкен дәурен түк еместей, шіркін.

Қайырмасы:

Баянды болсын сенің құшар бағың,
Қолыңды қош айтысып қыса алмадым, шіркін.

Қайырмасы:

 

Сөзі: Т. Рахымов

Әні: Т. Рахымов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=srwIKSY67cM