Өмір, шіркін, тартып маған азабы мен қайғысын,
Неге сүйдім, не үшін сүйдім, сол бір кезде мен сені.
Сені ойласам, жанарыма жас келеді мөлдіреп,
Сені ойласам қасіреттер төгілер.
Ұйықтай алмай жүрсің бе әлде, жүрсің бе әлде ойланып,
Хат жазуға дәтің бармай, жүрсің бе әлде толғанып.
Айдындағы аққуымсың, басымдағы бақ гүлімсің,
Күтші мені, екі көктем, екі жылдай сүйгенім.
Ескі хаттар жатыр үйде, жатыр үйде сақтаулы,
Жаным кейде толғанамын, толғанамын ақтарып.
Қайда жүрсең аман бол, саулығыңды тілеймін,
Саған айтар сертім сол, өзге жанды сүймеймін.
Сөзі:
Әні:
Орындаушы:
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=Hpr3yEV-sjM