Ардақты ана (текст)

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай тіл қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін, кең құшағын
Аясындай гүл бағын жан анашым
Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін
Махаббаттың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырый бер күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Ер жеткізіп елге берген баласын
Ақылдысын ардақтысын данасын
Қарайтының қас қабағың бір сенің
Қайратыңнан қайта көрме анашым, жан анашым
Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін
Махаббаттың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырый бер күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Ардақты ана сенсің мәңгі дара шың мейірлене
Айға күліп қарасын ақ нұр болып
Жүрегімде әрдайым әлди әнің
Жырлай бер сен анашым жан анашым
Мен өзіңмен қайда жүрсең біргемін
Махаббаттың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырый бер күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің

 

Сөзі:

Әні: Е.Құлиев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: