Өтсе де айлар
Өтсе де жылдар
Сен қалдың менің жанымда
Біз сенген бақыт қанатың қағып
Айналып кетті ау сағымға
Баянсыз өмір мұңайтып көңіл
Жаралап кетті ау жанымды
Мезгілсіз жанып үмітсіз қалып
Ұшырып алдым бағымды
Ұйқысыз әр таң атады қалқам
Төзімім қинап жанымды
Ойдағы арман сағынып салған
Арнадым мен әнімді
Ендігі бақыт өзіңді тауып
Алдыңнан шуақ ашылсын
Шаттанып көңіл гүлдей боп өмір
Көгіңе нұр боп шашылсын
Ұйқысыз әр таң атады қалқам
Төзімім қинап жанымды
Ойдағы арман сағынып салған
Арнадым мен әнімді
Өтсе де айлар
Өтсе де жылдар
Сен қалдың менің жанымда
Біз сенген бақыт қанатың қағып
Айналып кетті ау сағымға.
Сөзі: Қ.Қазыбеков
Әні: Б.Омаров
Орындаушы: