Асыл әжем, менің — асқарлы белім,
Сөздеріңді сенің құлағыма құйып келем.
Асыл әжем — әнім, ақылың дара,
Салған жолың сара.
Сол жолыңмен жүріп келем,
Көбелектей гүлдер гүл ән салған.
Бақытымды бірден-бір аңсаған әжем,
Балғын бала сезім, арналды бұл әнім саған.
Қайырмасы:
Асыл әжем, сәл көрмесем сағынамын,
Асыл әжем, шырағың боп жағыламын.
Жетелеген арманға сенен ыстық жан бар ма?!
Асыл әжем — панам, ойлан деп балам,
Оянсың деп санам ақылыңды айта бердің.
Небір қызық қымбат ертегі мен жұмбақ,
Тарихымды тындап мен өмірге қайта келдім.
Батыр екен өткен бабаларым,
Сенің де бакытың — балаларың, әже.
Балғын бала сезім, арналады саған бұл әнім.
Қайырмасы:
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: Рахат Тұрлыханов
Видеоға сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=QmLhpJ-Bknc