Пар жектім қос күреңді сүмеңдетіп,
Жеріңе уағада еткен келдім жетіп.
Уағадаң өткен айдың жүзінде еді,
Барады әлденеше күндер өтіп.
Қарағым, қарақаттай көз жанарын,
Ерігіп жаңа келді сөз ажарың.
Жәрмеңке — жастық уақыт өтіп кетіп,
Бұл күнде тоқталып тұр сол базарым.