Барады Үркер ауып жазға таман,
Жүгірдім мылтық алыл қазға таман.
Буылып қол-аяғым жатсам-дағы,
Домалап бара жатам қызға таман.
Қаршыға қыран болса тырна алады,
Жел болса ұзын ағаш ырғалады.
Құрбылар, жастығыңда ойна да күл,
Қызықтан ойнамаған қүр қалады.
Бұлт басып айдың көзін торлады ма,
Ей, сәулем, көңіліңдегі болмады ма.
Әркімнің ықтияры өзінде ғой,
Сүймесең, сені біреу зорлады ма!