Аяулы әнім — мектебім (текст)

Мейірімді шапағатын тербеткен,
Арманға асқар құлашымды серметкен.
Мен бақытты балдырғаның саяңда,
Біліміңнің бал-бұлағы шөлдеткен.

Қайырмасы:

Аяулы әнім — мектебім,
Шуағыңда көктедім.
Жүрсем-дағы қай жерде
Киялымнан кетпедің.
Сағыныштың сезімдерін шайқап ән,
Ораламыз жылда өзіңе қайтадан.
Әліппені жаттатқызған,ұстазым,
Сенің ізгі көңіліңнен жай табам.

Қайырмасы:

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

Кайырмасы:

 

Сөзі: Ә. Аймақ

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: