Аяулым, арманымдай асылым ең (текст)

Аяулы, арманымдай асылым ең,
Өзіңмен тілдескенше асығып ем.
Ең алғаш көргенімде, ерке сәулем,
Көзіме оттан да ыстық басылып ең.

Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.

От шашып жанарыңнан жымиясың,
Жаныма сарқылмастай сыр құясың.
Мәңгілік шаттық болып қоншы, сәулем,
Кеудеме орнат та әнмен жыр ұясын.

Аяулы, асылым ең,
Көргенше асығып ем.
Махаббат самалы ескен,
Сол бір таң қалар ма естен.
Жайнай түсші,
Жайнай түсші, күн сайын, ерке сәулем,
Жаз гүліндей құлпырып далада өскен.

 

Сөзі: Есләм Зікібаев

Әні: Әшір Молдағайынов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: