Өтіпті жиырма бес бір сергелдең,
Бақ тайса, ерден дәулет өлгенмен тең, әй, игай,
Жігіттің алған жары болса жаман,
Алты айлық абақтыға кіргенмен тең, әй, игай.
Өлеңді кім айтпайды ән шығарса,
Сұлуды кім алмайды мал шығарса, әй, игай.
Армансыз бұл жалғаннан бұрынғы өтер,
“Кет” деген сүйгеніңмен заң шығарса, әй, игай.
Астымда қара атым бар қаржалмаған,
Әр жерде асыл пұлдар арзандаған, әй, игай.
Қолымда, тоқтылы бай, сүіншім бар,
Жоғалттым бір топ үкі маржандаған, әй, игай.
Сөйлей бер, қызыл тілім, өлмей тұрып,
Алланың аманатын бермей тұрып, әй, игай.
Осындай әлің барда күліп-ойна,
Жер қазып, жер ошаққа көмбей тұрып, әй, игай.
Ал, жаным, керді міндім, керді міндім,
Өтерін дүниенің енді білдім, әй, игай.
Өтерін дүниенің білгеннен соң,
Салт атты, сабау қамшы ойнап-күлдім, әй, игай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: