Ал, жаным, қалайы қасық, қалайы қасық,
Тұсыңа жаңа келдім жанай басып, әй, угәй.
Құмартқан жасшылықта қайран құрбым,
Бал берген су сұрасаң, міне ғашық, әй, угәй.
Сөйлей бер, қызыл тілім, жақ барында,
Маңдайға баста дәулет, бақ барында, әй, угәй.
Ойнап-күл тіршілікте, әй, балалар,
Қаламыз қара жердің жапсарында, әй, угәй.
Ал, жаным, сұрша құнан, сұрша құнан,
Көгеннің қозы ағыттым бұршағынан, әй, угәй.
Шын ашық өз басыма болсаң, жаным,
Ауылдың жолығып жүр сырт жағынан, әй, угәй.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: