Әй! Әйекеш көркің сұлу бекзада,
Даңқыңды жіберейін жер қияға.
Бетің ай, белің қылдай, асыл еркем,
Қалайша тудың екен дүнияға.
О-хоу, о-хоу, дүнияға, ау.
Қара көк қайда бармайды, бос жіберсем,
Тоямын қызығыңа көз жіберсем.
Қалқатай, не деп жауап қайырасың,
Қарлығаш қанатынан сөз жіберсем.
О-хоу, о-хоу, дүнияға, ау.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: