Қыз бала қонақ еліне
Келеді қайтар уақыты
Қадірін білер теңіне
Жар болу — әйел бақыты
Жарығын алып жұлдыздың
Бесік жырыны тыңдатып
Әйелге арлы ұл қыздың
Анасы атану шын бақыт
Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы
Шекараң үйдің қақпасы
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты
Әйелдің бақыты — отбасы
Әйелге жеңіс белесқой
Еріне деген құрметі
Асыл таста қу емесқой
Асыл жар болу міндеті
Күлкісі үшін сәбиді
Анасы қажет тәрізді
Бақыты үшін әр үйдің
Әйелдің бақыты маңызды
Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы
Шекараң үйдің қақпасы
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты
Әйелдің бақыты — отбасы
Аяулы арулар бәріңнің арың бар
Қайнаған қаның бар, жайнаған сәнің бар
Аққудай тербеліп, айдынға қоныңдар
Бақытты болуға ақылды болыңдар
Қайырмасы:
Сіңілім тоқта, тоқташы
Шекараң үйдің қақпасы
Әйелдің бақыты, әйелдің бақыты
Әйелдің бақыты — отбасы
Сөзі:
Әні:
Орындаушы: Ерке Есмахан