Әләлім, әләлім-ай (текст)

Қызыл тілім, сөйлей бер, шал боларсың,
Отқа жаққан қу томар дал боларсың-ей.

Әләлім, әлдім-ау,
Әләлім, әлдім-ай.

Барында оралыңның күл де ойна,
Күніне он бестегі зар боларсың.

Әләлім, әлдім-ау,
Әләлім, әлдім-ай.

Ақ тісім аузымдағы, маржан тісім,
Сендей душар болар ма сүйген кісім.

Әләлім, әлдім-ау,
Әләлім, әлдім-ай.

Сүйген кісім сүйкеніп өте шықса,
Қатты от жаққан қазандай қайнайды ішім.

Әләлім, әлдім-ау,
Әләлім, әлдім-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: