Кигенім аяғыма-ей кебіс-мәсі,
Күлмеген, ойнамаған көңіл қасы, уай,
Кеткенде аулың алыс-ай, ей, қарағым,
Көл болды омырауға көздің жасы, уай.
Әләлім, әләлім-ай,
Жан сәулем, қарағым-ай.
Әніңе майда қоңыр
Салайын ба, ай.
Мінгенім дәйім менің, ей, күрең дөнен,
Қашады төстен түлкі сүмеңдеген, уай.
Ойымда үш ұйықтасам-ей бар ма менің,
Айрылып қалқатайдан жүрем деген, уай.
Әләлім, әләлім-ай,
Жан сәулем, қарағым-ай.
Әніңе майда қоңыр
Салайын ба, ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: