Ендеше, ой, қабанымыз, оу, қабанымыз,
Ауырар жаяу жүрсек табанымыз, әлу-ай.
Халыққа тарғалаң-ай, оу, заман келді,
Болады енді қандай заманымыз, әлу-ай.
Ендеше, ой, дүниесін, оу, дүниесін,
Ойласам дүниені шығады есім, әлу-ай.
Бозторғай, оу, қой үстіне, оу, жұмыртқалар,
Боламыз қай уақта, қоя берсін, әлу-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: