Әліп деп ей ақ жүзіңе таң қаламын-ай,
Ғашық боп бір өзіңе сандаламын-ай.
Мәжнүндей ішім толған ғашық оты-ай,
Сыртыма шығара алмай зарланамын-ай.
Екі қалқа замандас боп тудың нағып-ай,
Кигенің камшат бөрік үкі тағып-ай.
Шомылған айдын көлге сен бір аққу-ай,
Тұйғындай төңкеріліп ілсем қағып-ай.
Сөзі: Халық әні
Әні:
Орындаушы: