Әулием-ау, әулием! (текст)

Жапырақ көркі қураған шақта,
Жамылып түнді сен кеттің.
Жанарың мөлдір буланған шақта,
Сағынып кімді сен кеттің?
Тәңірің бе екен,
Шәмілің бе екен
Шақырған сені ғайыпқа?!
Әулие десем,
Ән биі десем,
Өзіңді аға, айып па?!
Сыңарын іздеп шарайна көлден,
Сыңсыған аққу армандай?!
Қайта да қайта қарайлап елге,
Жанардан жасың тамғандай.
Тәңірің бе екен,
Шәмілің бе екен
Шақырған сені ғайыпқа?!
Әулие десем,
Ән биі десем,
Өзіңді аға, айып па?!

 

Сөзі: И.Сапарбай

Әні: Ә.Тінәлін

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: