Бағлан-ай (2-нұсқа) (текст)

Кең Көлсайды жайлаушы ең Алжанменен,
Толықсыған төрт мүлік мал-жанменен, Бағлан-ай.
Бәрін айтсам, қонысың таусылмайды,
Әнге қосып бір таңға салғанменен, Бағлан-ай.

Тоқым салдым тарланға,
Сәлем айттым Бағланға.
Аты жақсы жаратқан,
Жеткізе көр арманға.

Көш айдаймын көшкенде көк тайменен,
Самаурынмен шай ішем, шәйнекпенен, Бағлан-ай.
Алыс аулым кеткенде, қимас қалқа,
Дүрбі салып қараймын әйнекпенен, Бағлан-ай.

Тоқым салдым тарланға,
Сәлем айттым Бағланға.
Аты жақсы жаратқан,
Жеткізе көр арманға.

Дәйім менің мінгенім қасқа құнан,
Сақта, құдай, қыздардың асқағынан, Бағлан-ай.
Шыныменен құласа көңіл шіркін,
Жолығайық ауылдың тастағынан, Бағлан-ай.

Тоқым салдым тарланға,
Сәлем айттым Бағланға.
Аты жақсы жаратқан,
Жеткізе көр арманға.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: