Сүйсең біреуді сен,
Ол оны білмейді.
Ғашық болған жанды,
Көзіне ілмейді, неге?
Тағдыр!
Қабыл болмай тілек,
Жабырқайды жүрек.
Алып ұшқан арманың
аяқасты болады неге?
Тағдыр!
Қайырмасы:
Бақытың қасыңда,
Сезбейсің тағы да.
Үңілші жаныңа —
Аяла, тасыма.
Бағыңды бағала,
Айрылып қалмағын
Ақ қанат шағала — аяулы арманың.
Бақытың қасыңда,
Сезбейсің тағы да.
Аяла, тасыма.
Бағыңды бағала,
Бағыңды бағала,
Айрылып қалмағын
Ақ қанат шағала — аяулы арманың.
Сүйсе біреу сені
Сен оны сүймейсің
Басқа жанды іздеп
Басқамен билейсің, неге? Тағдыр!
Басын тасқа соғып
Көзі жасқа толып
Жылап қалған сол қызды
Жұбатқымыз келмейді, неге? Тағдыр!
Қайырмасы:
Бақытың қасыңда,
Сезбейсің тағы да.
Аяла, тасыма.
Бағыңды бағала,
Бағыңды бағала,
Айрылып қалмағын
Ақ қанат шағала — аяулы арманың.
Бақытың қасыңда,
Сезбейсің тағы да.
Үңілші жаныңа —
Аяла, тасыма.
Бағыңды бағала,
Айрылып қалмағын
Ақ қанат шағала — аяулы арманың.
Сөзі: И.Сапарбай
Әні: Н. Әлімжан
Орындаушы: