Байжігіт (текст)

Хахолдың шуылдайды үрген иті, ой-ау!
Көкидің ақ жамбы еді қылған сыйқы-ау.
Кешегі найман қызын жазы қылған, ой-оу,
Мен едім Қарақанның Байжігіті, ау.

Ахау қалалау, қайлым.
Қайлайлым-ау,
Қайлым, қалқаш-ау, қайлайлы,
Лайлым-ау.

Мен едім екі торы ат керім деген, ой-оу,
Ер салып ақ күмістен жүгендеген, ау.
Қарақан, Ботақанмен кеткеннен соң, ой-оу,
Еш адам естімедім барам деген, ау.

Ахау қалалау, қайлым.
Қайлайлым-ау,
Қайлым, қалқаш-ау, қайлайлы,
Лайлым-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: